Мемлекет қандай жағдайда кредитті төлеп береді?

Мемлекет қандай жағдайда кредитті төлеп береді?

Мемлекет қандай жағдайда кредитті төлеп береді?
ашық дереккөзі
216
Премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов коллекторлық бюроға кеткен кредиттерді мемлекет қандай жағдайда өтейтінін түсіндірді. Министрдің айтуынша, кейбір кредиттер коллекторларға берілсе де, банктің балансында қала береді. Бұл жағдайда қарыздың айыппұлы мен өсімпұлын өтеу, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтардың берешегін 300 мың теңгеге дейін шегеру шаралары атқарылады. Ал егер кредит толығымен коллекторлық бюроға сатылса, ешқандай шара қолданылмайды. Бұл азаматтар қарызды да, айыппұлды да өздері төлейді. "Банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары коллекторлармен жұмыс істеген кезде дебиторлық берешекті сатуы да, сатпауы да мүмкін. Мұнда екі жағдай кездеседі. Бірінші жағдайда банктер сотқа жүгінбей тұрып, коллекторларға берешекті қайтаруға тапсырма береді. Ондайда дебиторлық берешек банкте қала береді. Сондай берешекті біз өтейміз. Ал дебиторлық берешек коллекторлық агенттікке сатылған кезде, ол банктен кетеді, банкте қалмайды. Жарлыққа сәйкес банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған берешектер ғана өтеледі", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің сөзіне сүйенсек, бүгінде айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы көлемі 58 миллиарда теңгеден асады. Оның 70 процентін банктер өздері жапса, 30 проценті мемлекеттің есебінен өтеледі. Айта кетсек, Қазақстанда президенттің жарлығы бойынша кепілсіз кредит алған 5 миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімақылары өтеледі. Ал тұрмысы төмен азаматтар үшін осындай жеңілдікпен бірге 300 мың теңгеге дейінгі қарыз сомасы кешіріледі, бірақ кредиттің сомасы 3 миллион теңгеден аспауы қажет. Тұрмысы төмен азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады.

Серіктес жаңалықтары