Мемлекеттік рәміздерге қатысты эстафета жоғарғы деңгейде өтті

Мемлекеттік рәміздерге қатысты эстафета жоғарғы деңгейде өтті

Мемлекеттік рәміздерге қатысты эстафета жоғарғы деңгейде өтті
ашық дереккөзі
931
 «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді» деп Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай рәміздердің адам өмірінде алатын орны зор. Соған орай шілде айында Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Мемлекеттік рәміздердің бірімен түскен фотосуреттер» эстафетасы республикалық деңгейде өтті. Эстафетаға кәрі-жас демей, бүкіл қазақ елінің ұлтжанды азаматтары мен азаматшалары белсене қатысты. Эстафета шілде айының 2-жұлдызынан бастап, 21-не дейін жалғасты. Эстафета «Вконтакте», «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде, «Whatsapp» мессенджерінде жүзеге асты. Аталған әлеуметтік желілерде қатысушылар мемлекеттік рәміздермен түскен фотосуреттерін жариялап, астына құнды жазбаларын жазды.  width=Ал Мемлекеттік рәміздер туралы қаншалықты білеміз? Оның үстіне ол туралы біліміміз сапалы ма? Мысалы сіздің ойыңызша елтаңбадағы шұғылалы күндегі уықтардың саны қанша? Ал тудың ені мен ұзындығының арақатынасы қандай болу керек? «Менің Қазақстаным» әні жарыққа шыққаннан кейін, неше жылдан соң мемлекеттік гимнге айналды? Білмесеңіз, біз осы сұрақтарды әлеуметтік желіде ұйымдастырылған викториналық сұрақтардың қатарына енгіздік. Эстафетаның артын суытпай, мемлекеттік рәміздерге қатысты 12 викториналық сұрақтар легі қойылды. Фейсбук, Инстаграмм, Вконтакте әлеуметтік желілерінде, Ватсап мессенджерінде қойылған сұрақтарға қатысушылар белсенділікпен жауап берді.  Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

Серіктес жаңалықтары