"Ташкент - Алматы" бағытындағы жүрдек пойыз билеті арзандайды

"Ташкент - Алматы" бағытындағы жүрдек пойыз билеті арзандайды

"Ташкент - Алматы" бағытындағы жүрдек пойыз билеті арзандайды
ашық дереккөзі
333
"Узбекистон темир йуллари" мен "Қазақстан темір жолы" "Ташкент – Алматы – Ташкент" бағыты бойынша қатынайтын "Тұлпар – Тальго" жүрдек пойызына билетті арзандатуға келісті. Өзбекстандағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, биыл 1 тамызда жолаушылар осы бағатта қатынайтын пойызға билетті арзанға сатып ала алады. Мысалы, билет бес күн бұрын сатып алынса, 25 пайыз жеңілдік болады, отырып баратын вагондарға билет 15 пайызға арзандайды. Бұған қоса комиссиялық жинаққа 53 пайыз жеңілдік қарастырылған. "Узбекистон темир йуллари" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын уақытта осы бағыттағы пойыздарға сатылатын билеттерге басқа да жеңілдіктер талқыланады. Халықаралық "Тұлпар – Тальго" жолаушы пойызы 2017 жылдың наурызында іске қосылды. Пойыздың ашылу салтанаты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға сапары қарсаңында өтті.

Серіктес жаңалықтары