Ипотекалық қарыздар рекорд орнатты

Ипотекалық қарыздар рекорд орнатты

Ипотекалық қарыздар рекорд орнатты
ашық дереккөзі
224
Қазақстанда ипотекалық қарыздар бір жылда 30,5 пайызға жетіп, рекорд орнатып отыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Мамандардың мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша ипотекалық қарыздар 4,5 пайызға өсіп, 1,49 триллион теңгеге жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 1,14 триллион теңге болған. "Қазақстанда ипотекалық несие екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: жеңілдіктер қарастырылған ипотека мен белгілі бір санаттағы қазақстандықтарға қолжетімді ипотека. Мысалы, табысы төмен, көпбалалы немесе мүгедек бала асырап отырған отбасылар. Бүгінде пайыз мөлшерлемесі ең төмен және тиімді ипотека беретін банктердің үштігіне Altyn Bank (15,4 пайыз), "Сбербанк" (15,6 пайыз) және RBK (16 пайыз)", - делінген сарапшылардың зерттеуінде. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда 28 екінші деңгейлі банктің 15-і ғана ипотека бере алатыны айтылады.

Серіктес жаңалықтары