Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
294
Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. «Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2010 жылдың қараша айынан бастап елорданың Мәдениет басқармасына басшы болды», - деп жазылған елордалық Жастар театрының Facebook-тегі парақшасында. Өз кезегінде қалалық Мәдениент және спорт басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып Ғани Сақтағанұлы Нығыметов тағайындалған болатын. Болат Мажағұлов 1983 жылы 1 тамызда дүниеге келді. Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. 2007-2008 жылдары Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің бас маманы, одан соң көркемөнер бөлімінің басшысы болды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының директоры қызметін атқарды. 2010 жылдың қараша айынан бастап елорданың Мәдениет және спорт басқармасының басшылығына тағайындалды. Сондай-ақ, Б. Мажағұлов 2018 жылы қазақстандық джиу-джитсу қауымдастығын басқарды.

Серіктес жаңалықтары