«Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш

«Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш

«Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш
ашық дереккөзі
378
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы  Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.  Кездесуде Қазақстанның Тұң­­­ғыш Президентіне пар­тия­ны жаң­ғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, «Nur Otan» пар­тиясының Түр­кістан облысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұ­мыс­тарына атсалысуы туралы баяндалды. – Nur Otan – еліміздегі бас­ты саяси күш. Партия халыққа жақын болып, оның мұң-мұқ­тажын білуге және оған қолдау білдіруге тиіс. Қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесу керек. Сондай-ақ, партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерттеу қажет. «Nur Otan» өз жұмысын одан әрі жетілдіруді жалғастыра беруге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы «Nur Otan» партиясының өңірлердегі филиалдары мен бастауыш партия ұйым­да­рының жұмысын жандан­ды­ру­дың маң­ыз­дылығын атап өтті. – Бастауыш партия ұйым­да­ры­­ның жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның өңір­лер­дегі филиалдарының басшыларымен кездесу жоспар­лан­ған. Ұйым­ның барлық буынының ой­да­ғы­дай жұмыс істеуін қам­тамасыз етудің маңызы зор. Сон­дай-ақ, партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы фракциялары тарапынан Үкімет пен әкімдердің жұмысын бақы­лау­ды барынша күшейту қажет, – деді Қазақ­станның Тұңғыш Президенті.  

Серіктес жаңалықтары