«Бозоқ» қорығы бой түземек

 «Бозоқ» қорығы бой түземек

 «Бозоқ» қорығы бой түземек
ашық дереккөзі
568
Елордадан мемлекеттік тарихи-мәдени «Бозоқ»  қорығы ашылады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялады. Алдын ала белгілі болғандай жаңа жоба келер жылдан бастап әзірленбек. «Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен нәтижелі кездесу болды. Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын дамыту бойынша бірлескен жоспарға қол қойдық. Нысанның жобалық-сметалық құжат­тамасын инфрақұрылымдарды жасақ­тау­дан кейін, яғни 2020 жылы әзірлеуді жоспарладық», – деді елорда әкімі. «Бозоқ» қалашығы қалпына келтіріліп, археологиялық парк құрылады. «Жобаның мақсаты – «Бозоқ» қала­шы­ғын қалпына келтіріп, архео­логиялық парк құру. Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мәселелері бойынша да бірқатар жобалар жоспарланды», – деп жазды А.Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары