Шиеліде күн электр стансасының құрылысы басталды

Шиеліде күн электр стансасының құрылысы басталды

Шиеліде күн электр стансасының құрылысы басталды
ашық дереккөзі
484
 Қызылорда облысы Шиелі ауданында күн электр стансасының құрылысы басталды. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ең алдымен «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсеткен болатын. Аталмыш жобаны «Байқоңыр Солар» ЖШС қолға алып отыр. Күн электр стансасы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында орналасады. Онда күніне 50 мВт күн электр қуаты өндіріледі. Аталмыш станса көрші аудандар мен облыс орталығын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ауадағы көмірқышқыл газының жылдық шығарылуын 75 мың тоннаға азайтады. Оған қоса инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны «Қазына Капитал менеджмент» АҚ және «Юнайтед Грин Британдық холдингі» қаржыландырады. Іске қосылғаннан кейін 23 адам жұмыспен қамтылатын болады. Осындай жоба Жалағаш ауданында да қолға алынып отыр. Онда да қуаттылығы 30 кВт болатын күн электр станцсасының құрылыс басталды. Бұл жобаны «Nomad Solar» ЖШС жүзеге асырады. Электр стансасының құрылысына 60 адам жұмылдырылған. Пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 18 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Серіктес жаңалықтары