Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталмақ!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталмақ!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталмақ!
ашық дереккөзі
323

«Нұрлы Жастар» продюсерлік орталығы «Қазақ хандығының 550 жылдығы» қарсаңында балалар мен жасөспірмдер арасында  байқау ұйымдастырады.

Көркем сөз, ән-би Республикалық байқауының басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің мәдени-танымдық, рухани байлығын жетілдіру барысында кездесу өткізу. Мектепке дейінгі және мектептік ұйымдарда баланы жеке тұлға тұрғысынан дамыту, ұлттық мәдениетке, ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеп, жаңа жас таланттарды және жастардың шығармашылық дарынын айқындау, педагоктардың кәсіби шеберлігін көтеру.

Сонымен қатар, Республикалық деңгейде өтетін байқау төмендегідей бағытты көздейді:

  • Ұлтжандылықты, патриотизмді насихаттау;
  • Қазақстан тарихына сүйіспеншілікті ояту;
  • Психологиялық қолайлы, қуанышты жағдай туғызу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Әр қаладан келген балалардың  шығармашылығын,  мәдениетін жан-жақты дамытып, достық байланысын нығайту;
  • Талантты жастардың шығармашылық танымдарын жүзеге асыруына қолдау көрсету.

Байқауды өткізу шарттары:

  1. Байқау келесі номинациялар бойынша өтедеі:

- Көркем сөз;

- Эстрадалық вокал ( соло, дуэт, трио, квартет, квинтет);

- Дәстүрлі ән ( соло, дуэт, трио, квартет, квинтет);

- Аспапта орындау ( оркестр, ансамбль);

- Хор;

- Хореография ( ансабль, трио, дуэт, соло).

  1. Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшелітері:

- Бүлдіршін топ (3-6 жас);

- Кіші топ (7-11 жас);

- Орта топ (11-14 жас);

- Жоғарғы топ (15-18 жас).

3.Марапаттау:

  1. Топтың жасына қарай дипломдармен марапаттайды:

- Бас жүлде ( әділқазылардың 10 балдық бағасы есептеледі);

- «І,ІІ,ІІІ» деңгейлі Лауреат (Дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапаттау);

- Дипломант («Дипломант» дипломдарымен марапаттау);

  1. Арнайы дипломдар қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Өте жақсы ұйым жетекшілері және орындаушылар алғыс хаттар, құнды сыйлықтармен марапатталады.

Байқауды өткізу мерзімі:

27.11.2015ж. сағат 09.00-10.00 қатысушыларды тіркеу.

27.11.2015ж. сағат 10.00-да байқаудың салтанатты ашылуы.

27.11- 29.11.2015ж. байқауды өткізу күндері.

30.11.2015ж. сағат 14.00-де гала-концерт, қатысушылар мен жетекшілерді марапаттау.

Өткізу орыны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 85, Байтұрсынов көшесінің қиылысы, Қазақ Спорт және Туризм академиясының АКТ залы.

Әділқазылар қатарында елге танымал, халық арасында беделді тұлғалар болады. Олардың қатарында «Қазақтың қоңыр дауысы» атанған, «Қазақ радиосының» атақты дикторы – Аманжан Серіков, ҚР мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының аға оқытушысы – Ерлан Стамғазиев, Қазақстан Хореографтар Одағының басқарма мүшесі, бас балетмейстер – Жанатай Қожабеков және т.б. бар.

Байқауға қолдау көрсеткен: Алматы қаласының Әкімшілігі мен Білім басқармасы.

Тоғырырақ ақпаратты бізбен хабарласу арқылы біле аласыздар. Бізбен байланыс:

Тел: 87754656701 (WhatsApp), 8707 820 20 69

E-mail: nurly.zhastar@mail.ru

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ 2015 ЖЫЛДЫҢ   25-ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАЙДЫ!

Серіктес жаңалықтары