Студенттік «Climate Week» экологиялық фестивалі басталды

Студенттік «Climate Week» экологиялық фестивалі басталды

Студенттік «Climate Week» экологиялық фестивалі басталды
ашық дереккөзі
568
 5 тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде   студенттік «Climate Week» экоолгиялық фестивалі ашылды. Бұл шараны Назарбаев Университеті, «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғам» мен Green Campus Кеңсесі, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және Қазақ ұлттық аграрлық университеті бірлесе ұйымдастырды. Жастардың еңсесін көтерген игі істің жоғары деңгейде өтуіне Алматы қаласының әкімдігі, «Almighty Ecology» қоғамдық қоры және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы қолдау білдірді.  width=Фестиваль Жастар жылы аясында және ол климат өзгеру саласындағы шараларға арналған САММИТ-2019 қарсаңында өтіп отыр. Ол студенттердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және эко-туризмді дамытуға бағытталған. Фестиваль барысында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен «Климаттың өзгеруі» тақырыбында креативті баяндамалар байқауы,  Green Campus Кеңсесі мен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның тұсаукесер рәсімдерін өткізу көзделген. Фестивальға Назарбаев Университеті және оның әріптес жоғары оқу орындары: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы Энергетика және Байланыс университеті, Satbayev University, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ-британ техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов қатысушыларды фестивальдің ашылуымен құттықтап, университеттегі «Назарбаев білім және ғылым орталығы»,  Қазақстан-жапон инновациялық орталығы, Агротехнологиялық Хабтың ғылыми-тәжірибелік-инновациялық зертханаларының жұмысымен таныстырды. Фестивальдің ресми бөлімдерінен соң ұйымдастырушылар жастарды Алматы облысындағы Шарын шатқалына, көрікті Көлсай, Қайыңды көлдеріне арнайы саяхатқа апарады.

Серіктес жаңалықтары