598
Мойынқұмда құрамында алтын бар кен тастарын жинаушылар ұсталды
Мойынқұмда құрамында алтын бар кен тастарын жинаушылар ұсталды
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында құрамында алтын бар кен тастарын жинағандар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА агенттігі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында алтын бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түскендігі айтылған.
«Алтын өткізушілер кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үш автомашинаға тиеген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Іс бойынша сегіз күдікті ұсталды. Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды»,-делінген ведомство хабарламасында. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 334-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.