278
Алматыдағы сел қаупі: Қаладағы эвакуациялау пункттері белгіленді
Алматыдағы сел қаупі: Қаладағы эвакуациялау пункттері белгіленді
Алматыда сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.
«Эвакуациялау пункттері:
1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов).
2. Шахмерденов атындағы 175 мектеп.
3. 158 мектеп. (Жандосов – Ясауи қиылысы)», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
ТЖД соңғы уақыттарда мұздық көлдері суының ағызылуы туралы ақпарат берді. Сел қаупі туындаған көлдің суы 77 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін азайтылды. «2015 жылы бұл плотинадан 30 мың текше метр су өткен. Бөгеттің жобалық қуаты 1,2 млн текше метр. Бұл жерге 600 мың текше метр су жетеді. Апаттық жағдайда секундына 10 текше метр су жіберіледі. Өзеннің арнасы 20 мың текше метрге есептеліп, бетондалған», - деді ТЖД өкілдері. Бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді. Еске сала кетсек, таңертең төтеншеліктер Қарғалы өзені бойында сел жүру қаупі төнгенін хабарлап, дабыл көтерген болатын.