Жапонияға тайфун төніп келеді: 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды

Жапонияға тайфун төніп келеді: 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды

Жапонияға тайфун төніп келеді: 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды
ашық дереккөзі
319
«Кроса» тайфунының жақындауына байланысты Жапонияның Кюсю аралын басқа аудандармен байланыстыратын 400-ге жуық ішкі әуе рейстерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 170 әуе рейсі тоқтатылған. Сондай-ақ, бейсенбіге жоспарланған 228 ішкі әуе рейстері кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта тайфун Танэгасима аралынан шығысқа қарай 190 шақырым жерде. Желдің орталықтағы жылдамдығы секундына 30 метрді құрайды, ал ұйытқуы кезінде секундына 40 метрге дейін артады. Толқындардың биіктігі 9 метрге жетуі ықтимал. Тайфун Кюсю аралына бейсенбіге қараған түні төнуі мүмкін, ал алдағы 24 сағатта батыс жағалау мен Сикоку аралының орталық аудандарына, сондай-ақ, Хонсю аралының орталық аудандарына жетеді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары