Сайлауалды үгіт-насихат бүгіннен басталады

Сайлауалды үгіт-насихат бүгіннен басталады

Сайлауалды үгіт-насихат бүгіннен басталады
ашық дереккөзі
405

Кеше Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Үміткер ретінде тіркелген 3 азамат өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бүгіннен бастайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын ел тұрғындары жаппай қолдап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен сайлау биылғы жылдың 26 сәуіріне белгіленген болатын. 26 ақпаннан бастап үміткерлер өздерін ұсына бастады. Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде өтініш білдірген 29 азаматтың үшеуін ғана тіркеді: "Нұр Отан" партиясы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан Тұрғын Сыздықовты және сайлауға өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты. Сайлауға өзін-өзі ұсынған өзге азаматтардың бірі мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмаса, тағы бірі сайлаушылардың жеткілікті қолын жинай алмады. Үміткерлердің үшеуі де Қазақстан президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиясының емтиханын тапсырып, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында талап етілетін барлық құжаттарды ОСК-ге өткізген.Сонымен қатар, 1 млн 60 мың теңге көлеміндегі сайлау жарнасын да төледі. Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелу үшін үміткерлер сайлаушылардың 93 мыңнан астам расталған қолын жинау керек болатын. Тіркелген үш кандидат комиссияның бұл талабын да орындады. – Президент сайлауын бекіткеннен бастап, қажетті жұмыстардың барлығын атқардық. Қаншама семинар, отырыстар өтті. Сайлау науқанын кезең-кезеңге бөліп қарастырсақ, бірінші кезеңі аяқталды. 26 ақпаннан бастап президенттік сайлауға кандидаттар өздерін ұсына бастады. Өздеріңіз білетіндей, 27 кандидат Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде өз өтініштерін берген. Соның ішінде, 25 кандидат өз өзін ұсынған, екі кандидат республикалық қоғамдық бірлестік жоғарғы органынан ұсынылды. Ұсынған азаматтардың арасында екі әйел болды: Қойшиева Лимана және Өтепова Айгүл. Кандидаттардың орташа жасы - 54 жаста екен. 2005 жылмен салыстырғанда, сол жылы 18 кандидат өтініш берген екен, оның ішінде үш кандитдат қалған. 2011 жылы 22 кандидат өтініш берген, оның ішінде төрт адам қалған",– дейді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

Серіктес жаңалықтары