Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті
ашық дереккөзі
260
Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. Кездесу барысында Ермек Маржықпаев Елбасына өңірдің дамуы мен облыстағы әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық парктің табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар Н. Назарбаев өңір жастарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталды. Әңгіме барысында әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ халықтың табысын арттыру және аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды. Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу мен енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары