Жүз теңге «жыз» теңге болып кетіпті

Жүз теңге «жыз» теңге болып кетіпті

Жүз теңге «жыз» теңге  болып кетіпті
ашық дереккөзі
2266
Қазақстандықтар 2019 жылы айналымға түскен 100 теңгелік монетадан грамматикалық қате тапты. Ұлттық теңгеде жүрген мұндай олқылыққа көпшіліктің наразы болғаны рас. Ұлттық валютаның қапталында жа­зыл­ған «júz» сөзі қате жазылған. Қос латын қарпінің ортасындағы «ú» орнына «у» басылған. Егер латын қарпіне салып оқыса «у» қазіргі емле бойынша «ы» дыбысын береді. Сонда «жүз» емес «жыз» деген жазу шығады. Ұлттық банк аталған мәселеге орай арнайы жауап қатты. Айтуларынша аталған қатеге компью­терлік жүйенің нашарлығы себеп бол­ған. Ұлттық банк өкілдері қолданыстағы бұл монеталардың жарамды екенін, бола­шақта мұндай олқылықты қайта­ла­май­тынын айтып ақталды.

Серіктес жаңалықтары