Алматыда анасы мен баласын қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Алматыда анасы мен баласын қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Алматыда анасы мен баласын қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
ашық дереккөзі
296
Алматы қаласының Бұрындай көшесінде әйел мен кішкентай баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 9 тамыз күні болған еді. Бұрындай көшесінде 23 жастағы келіншек пен оның 5 жасар ұлын «BMV» көлігі қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Бүлдіршін ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. «Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оны іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. 1986 жылы туған күдікті ұсталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасынан. Сондай-ақ полициядан мәлім еткендей, азамат Д.-ға Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылуда: 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соғуы және 347-бабы – оқиға орнынан кетіп қалу.

Серіктес жаңалықтары