249
БҚО тұрғыны 13 жасар балаға зорлық көрсетті деп айыпталуда
БҚО тұрғыны 13 жасар балаға зорлық көрсетті деп айыпталуда
Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 13 жастағы ер балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр. Күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Ер адамның 13 жасар балаға зорлық-зомбылық әрекетін жасағандығы туралы фактіні Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Тілекқабыл Ғабдушев растады.
«Иә, мұндай дерек тіркелді. Бірақ оған қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді Тілекқабыл Ғабдушев. БҚО сотының баспасөз қызметіндегілер айыпталушы ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігіне (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес 2 айға қамауға алынғанын мәлім етті.