274
Дәрігерге қол көтерген алматылық жүкті әйелге айыппұл салынды
Дәрігерге қол көтерген алматылық жүкті әйелге айыппұл салынды
Алматыда құрсағындағы баласының жүрегі соқпай тұр дегенді естіген келіншек дәрігерге қол көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыдағы №7-ші қалалық ауруханада шу шығарып, дәрігерге қол көтерген емделушіге 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 7-ші қалалық аурухананың гинекологы Гүлмира Жамаеваның айтуынша, жүкті келіншек оның кабинетіне кіріп, ақылы УДЗ-ға түскен.
«Тексерілуге келген келіншек орындыққа отыра салып, телефон арқылы біреумен қатты ұрсысты. Мен одан тынышталуын сұрадым. Содан кейін ультрадыбыстың нәтижесін беруін өтіндім. Ол маған жатырдағы ұрықтың жүрек соғысы жоқ екенін айтты. Ол УДЗ жүктіліктің сегізінші аптасында түсті. Негізі жүрек соғысы бесінші аптада сезіледі. Мен оған мұндай жағдайда шарананың іште қатып қалғанын, жүрек соғысы жоқтығын айттым»,-дейді дәрігер.
Мұны естіген келіншек, ашуға бой алдырып, дәрігердің үстеліндегі компьютерді лақтырып, дәрігерге қол жұмсаған. Сосын тіркеу бөліміндегі қызметкерге дөрекі сөйлеп, бетіне түкіріп жіберген. Жұмыс орнында болған гинеколог науқасты сотқа берді. Сот оған дәрігерді қорлады және ұрды деп айып тағып , 10 АЕК айыппұл салды. «Сотта ол жылады, бірақ менен кешірім сұрамады. Сот келіншекті кінәлі деп танып, оған айыппұл салды»,-дейді дәрігер Гүлмира Жамаева.