Темір жол билетін қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлемейсіз

Темір жол билетін қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлемейсіз

Темір жол билетін қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлемейсіз
ашық дереккөзі
357
Енді қазақстандықтар темір жол билетін қайтарғаны үшін айыппұл төлемейді. 28 тамыздан бастап Қазақстандағы жолаушылар пойызының билетін қайтарудағы айыппұл алынып тасталды.  Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов «Қазақстан темір жолы» АҚ бас ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Жаңа ережелерге сәйкес, жолаушының жол жүру билетін қайтарғаны үшін төленетін 1000 теңгені құрайтын айыппұл алынып тасталды. Бұл норма алыпсатарлардың жаппай билет өткіз жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Едіге Мыханов. Сонымен бірге, заңды тұлғалардың топтық тапсырыс беруінде қайтарылмайтын депозит көлемі жалпы жол жүру құнының 30% құрамақ. «Бұған дейін заңды тұлғалардың бір орынды резервке қоюына 290 теңге алынатын. Кемінде 10 адамға топтық билет алуда заңды тұлға жол жүруге 6 күн қалғанша тізімнің тең жартысына дейін өзгеріс енгізе алады. Бір тәулік қалғанша билетті өткізсе - толық құны қайтарылады. Бір тәуліктен азырақ уақыт қалса - 30 пайызы, 6 сағаттан кем уақыт қалса - 50 пайызы ұсталады», - деді ол. Одан бөлек, заңды тұлғалар тапсырысты электрондық цифрлық қолтаңба бойынша рәсімдей алады. Билет бұрынғыдай бір бланкада емес, әрбір жолаушыға бөлек беріледі. Айта кетейік, 2019 жылдың 28 тамызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жолаушылар тасымалы, қол жүктері мен поша жөнелтімдері ережелеріне енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Жаңа ережеге сәйкес, пойыз ішінде шылым шегуге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары