«Мен – Қазақстаннанмын» видеоблогерлер бәйгесіне 200-ден аса видеожоба келіп түсті

«Мен – Қазақстаннанмын» видеоблогерлер бәйгесіне 200-ден аса видеожоба келіп түсті

«Мен – Қазақстаннанмын» видеоблогерлер бәйгесіне 200-ден аса видеожоба келіп түсті
ашық дереккөзі
273
Қазақстандағы Жастар жылы аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда. Еліміздің барлық аймағынан бәйгеге қатысуға 969 өтініш келіп түскен. 233 қатысушы тақырыпқа сәйкес видероликтер түсіріп жіберген. Финалға 15 қатысушы іріктеліп алыныпты. Конкурсқа қатысқан жобалардың 40% Алматы қаласынан, 13% Нұр-Сұлтан қаласынан, қалғандары Өскемен, Шымкент, Семей, Ақтау, Қарағанды, Бурабай, Қостанай, Түркістан және басқа да қалалар мен ауылдардан келіп түскен. Қатысушылардың видеоролкитерін Қазақстан және шет елден келген танымал блогерлерден тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады. Бас жүлде - 1 000 000 теңге, екінші орын иесі – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі 300 000 теңге алады. Сонымен қатар елімізде ТЖ және авиа билеттер сату бойынша көшбасшы Авиата компаниясы бір жеңімпазға арнайы сыйақы дайындады. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды таны» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алады. Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар екендігі туралы айтып беруі қажет болатын. Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" қоғамдық бірлестігі. Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы. Жоба демеушісі  «GALANZ bottlers» компаниясы Sevens суымен. Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған. Бәйге мен форум туралы толық ақпарат openqazaqstan.kz сайтында.

Серіктес жаңалықтары