280
Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді
Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді
Биыл 17 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілгені белгілі. Кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин былай деп мәлімдеді: «Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы шамамен 6 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы кеңейтілген отырысқа қызу дайындық жүргізіліп жатыр».
Е.Қариннің айтуынша, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесу өткізілген. Сондай-ақ, талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізу келісілген.
«Ішкі сұрақтарды - Ұлттық кеңес жұмысының жалпы регламентін, жұмыс топтарын құру мәселелері мен құрамын талқылау үшін алдын ала жиын өтеді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызға жоспарланған», – деп түсіндірді Президент кеңесшісі.
«Түркістан-ақпарат»