«Қазақстан темір жолы» 2,9 млрд теңге шығын шекті

«Қазақстан темір жолы» 2,9 млрд теңге шығын шекті

«Қазақстан темір жолы» 2,9 млрд теңге шығын шекті
ашық дереккөзі
1182
2019 жылдың І жартыжылдығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының таза шығыны 2,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады. Компания 2019 жылғы қаңтар-маусымда салық салғанға дейін 16,8 млрд теңге пайда тапты, ал 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 4,1 млрд теңге шығын тіркелді. Сонымен қатар, ҚТЖ-ның жалпы табысы есептік кезеңдерде 8%-ға 107,2 млрд теңгеден 115,9 млрд теңгеге дейін артты. 2019 жылдың І жартыжылдығында компанияның кірісі 4,5%-ға артып, 516,7 млрд теңгені құрады. ҚТЖ активтері жыл басынан бері аздап төмендеп, 3,2 трлн теңгені құрады. Капитал 1,5%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ, жарты жыл ішінде ҚТЖ міндеттемелері 1,4%-ға төмендеп, 2 трлн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары