Талапкерлер ЖОО таңдағанда бірнеше мәселелерге назар аударғандары жөн – БҒМ

Талапкерлер ЖОО таңдағанда бірнеше мәселелерге назар аударғандары жөн – БҒМ

Талапкерлер  ЖОО таңдағанда бірнеше мәселелерге назар аударғандары жөн –  БҒМ
ашық дереккөзі
392
Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнын таңдағанда талапкерлер қандай мәселелерге назар аударғандары жөн екендігін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына түсу бойынша өтініштерді қабылдау үрдісі жалғасуда.  «ҚР БҒМ талапкерлер мен студенттердің мүдделерін қорғау шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатындағы өз жұмысын күшейтіп, жоғары оқу орындарының қызметіне қатысты тексерулер жүргізуде. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бірқатар жоғары оқу орындарында бұзушылықтар анықталып отыр. Атап айтсақ, Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті мен »Астана« университетінде,- деп атап өткен Білім министрлігі.   Осыған байланысты, талапкерлер келесі мәселелерге назар аударғандары жөн. «Біріншіден, жоғары оқу орнына өтініш беру туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстанда тіркелмеген шетелдік оқу орындарының немесе лицензиясыз жұмыс істейтін өкілдіктердің қызметі заңды емес екендігін және аталған білім беру ұйымдары тарапынан берілетін құжаттардың күші жоқ екенін ескеріңіз. Екіншіден, төмендегі талаптарға мән беру керек: - жоғары оқу орнында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша лицензияның болуы (2007 жылдан кейін берілген); - ЖОО-ның аккредитациядан өтуі мен аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы; - жұмыс берушілер рейтингіндегі ЖОО-ның орны, оқу орнының жұмыс берушілер арасындағы танымалдылығы және білім беру бағдарламаларының сапасы. Осы орайда, талапкерлерді дұрыс таңдау жасауға шақыра келе, БҒМ 2021 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындары мемлекеттік үлгідегі емес, өз дипломдарын беретіндігін және жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілермен нақты ЖОО-ның беделі ескерілетіндігін атап өтеді. «Қазақстанда халықаралық аренада да бәсекелестікке төтеп бере алатын лайықты және мықты жоғары оқу орындарының қатары қалың. Өкінішке орай, бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарымен қатар »әлсіздері« де білім беру үрдісіне кірістірілген. Осы ретте, аталған жоғары оқу орындары бойынша жұмыс жүргізіп, сапаны қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет»,-деп түсіндіреді министрлік.

Серіктес жаңалықтары