Есімов Сапарбаевтың жұмысын сынға алды

Есімов Сапарбаевтың жұмысын сынға алды

Есімов Сапарбаевтың жұмысын сынға алды
ашық дереккөзі
225

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қаланың ЭКСПО-ға дайындығына көңілі толмайтынын жеткізді. «Қаладан ЭКСПО-ға байланысты ешқандай безендіру көрген жоқпын» деді ол. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдерінің алдында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сынға ұшырады.

 Бүгін Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» еліміздің батысындағы төрт облыстың әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қою үшін Ахметжан Есімов Ақтөбе қаласына арнайы келген болатын. Қаладан ЭКСПО-ның ешқандай нышанын байқамаған төраға ренішін жасырған жоқ.

«Бердібек Машбекұлы – өте тәжірибелі басшы. Премьер-министрдің орынбасары болды. Мен ойлаймын, Ақтөбе облысында да басқа облыстар секілді бұл жұмыстар жанданады деп. Шындығын айтқанда, әзірге қаладан ешқандай ЭКСПО-ға қатысты безендіруді көрген жоқпын. Бірақ бұл жиыннан кейін айтқаным орындалады деп ойлаймын», – деді Есімов. Ол ЭКСПО-ны өткізуден тиімділік мысалы ретінде Миланда өткен көрмені атап өтті, онда оған дайындық және өткізу кезеңінде 295 мың жұмыс орны құрылды, ал тауарлар мен қызметтер экспорты 10 млрд еуроға ұлғайды.

Ұлттық компания басқармасы төрағасының ескертуінен кейін Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд. теңге шамасындағы 8 тауар жеткізу туралы келісімшартқа және 3 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылмақ.

Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мысалы, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсынады.Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы. Қазірдің өзінде көрмелер үшін қажет 30 еріктіні, ал келер жылы тағы 70 адамды дайындау жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары