301
Әл-Фараби даңғылында 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болады
Әл-Фараби даңғылында 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болады
Алматының әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін белгілер пайда болды.
Өзгерістер әл-Фараби даңғылының кейбір учаскелерінде байқалады. Жол қызметкерлері жылдамдықты шектеу белгілерін 80 км/сағ ауыстыруды жалғастыруда.
Еске салайық, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында көлік жылдамдығы Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесінде сағатына 80 шақырымнан, 60 шақырымға төмендетілген болатын. Ол кезде шаһарға Бауыржан Байбек басшылық еткен еді.
Кейін қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram-парақшасына аталмыш жол учаскелерінде сағатына 80 шақырыммен жүруге қайта рұқсат беру туралы өтініштер түсе бастады. Нәтижесінде, яғни 19 тамыз күні әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 шақырыммен жүруге рұқсат берілді.