1102
Мектеп формасы қандай материалдан тігілуі керек
Мектеп формасы қандай материалдан тігілуі керек
Елорданың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мектеп формаларына жасаған сараптама қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мектеп формасын оқушылар 9 ай бойы киіп жүреді. Сондықтан оны таңдауда матаның билогиялық және химиялық ерекшеліктеріне, ауа өткізу қабілетіне, формальдегид мөлшеріне, электрленгіштігіне, мата бояуына баса мән беру қажет. Өйткені, киім бала ағзасына микроклимат түзеді», - дейді департамент басшысы.
Оның айтуынша, киім түзген микроклимат сыртағы климатта сәл өзгеше болады. «Егер баланың терісі тыныс алмайтынын байқасаңыз, ағзасы қатты қызып немесе тоңазып жүр деген сөз. Суық тию осындайдан болады. Қауіпсіз материалдан тігілмеген киім баланы әдеттегіден тез шаршатады. Денесі бөртіп, тері ауруларыны белгілері пайда болады Кейде тіпті бала стреске шалдығып, сабақ үлгерімі нашарлайды», - дейді маман. Осы аталған қауіптен сақтану үшін мектеп формасын баланың жасына сай таңдау қажет. «Бала кіиім аса ашық емес, байсалды түске боялғаны абзал. Мата жартылай жүннен және мақтадан тоқылған, тозбайтын, бактериялар мен микробқа қарсы қасиетке ие болуы шарт. Ол үшін 75-85 табиғи матадан тігіліген киім таңдауға кеңес береміз. Мата құрамындағы синтетиканың үлесі 15-25 пайыдан аспауы керек. Синтетиканың аз ғана мқлшері матаны мыжылып, қыртыстанудан сақтайды», - деген сарапшы аяқ киімнің дұрыс таңдалуы баланың денсаулығына қатты әсер ететінін айтады.
«Сапалы аяқ киім өкше мен аяқ сүйектеріне ғана емес, омыртқаға да оң әсер етеді. Аяқ киім жасанды немесе синтетикалық материалдардан тігілсе, гигиеналық талаптар бұзылуы мүмкін. Жасанды былғарыдан қиылған ұлтарақ пен тұмашаланған аяқ киімді балаға кигізуге болмайды», - дейді Сәдуақас Байғабылов. Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дүкен сөрелерінен мектеп формасы ретінде саталып тұрған жемпір, жейде, спорттық кеудеше, сарафан-көйлек, жеңсіз көйлек , костюм-шалбар сияқты киімкешектің 25 үлгісін сараптамадан өткізген. Атап айтқанда, Ресей Федерациясында жасалған 2, Қырғыз Республикасында тігілген 3, Өзбекстанда жасалған 3, Түркияда тігілген 4, Қытайда тіліген 5, өндірушісі бегісіз 8 үлгі зерттелген. Сарапта қорытындысында «Түркия мен Өзбекстанда, Қырғыз Республикасында және тігілген 7 үлгі және өндірушісі белгісіз 3 үлгі талапқа сай емес деп танылған. Нақты айтқанда, таңбалау талаптары сақталмаған. Яғни, шығарған елдің атау жоқ немесе тігілген датасы көрсетілмеген; Еуразия экономикалық одағы нарығындағы бірыңғай айналым белгісі таңбаланбаған; бұйымды пайдалану нұсқаулықтары көрсетілмеген немесе мелекеттік тілге аударылмаған. «Кәсіпкерлерге жазбаша ұйғарым таратылды. Тексеру кезінде осы ұйғарым сақталмаса, 230 айлық есептік көрсеткіштен жоғары мөлшерде айыппұл салынады. Мектеп формасының бояулары сараптамадан өтті. Нормадан тыс токсиндік индексі байқалмады», - дейді департамент басшысы.
Мектеп формасын таңдаудағы негізгі ұсыныстар:
- Заттаңбадағы таңбалауды мұқият зерттеңіз, онда өндіруші елдің атауы мен киім күтімі туралы ақпаратты жазылуы керек.
- Матаның табиғи материалдан тігілгені болуын назарда ұстаңыз.
- Матаның иісіне назар аударыңыз. Егер киімнің исі күшті әрі өткір болса, алмау керек. Күшті иіс зиянды химиялық затқа тән.
- Өлшемін дұрыс таңдау да маңызды. Мектеп киімі баланы ұялтпауы керек, киюге ыңғайлы болғаны абзал.
- Киім астары тек табиғи матадан болуы керек. Өйткені астар бала денесіне тиіп тұрады.
- Міндетті түрде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз.