ҚХА мен ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары кездесті

ҚХА мен ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары кездесті

ҚХА мен ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары кездесті
ашық дереккөзі
288
 Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесуі өтті. Жүздесуге Қазақстан тарапынан ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы В.Божко,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Ю.Келигов, Ш.Пулатов, ҚР Парламент депутаттары, Ассамблея мүшелері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының аға саяси кеңесшісі  Марк Фумагалли және басқалар қатысады. Кездесу барысында Н.Назарбаевтың Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі таныстырылып, аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссардың сандық дәуірдегі аз ұлттар және медиа жөніндегі Таллин ұсынымдары талқыланды. Сондай-ақ қонақтар Достық үйі мен Нұр-Cұлтан қаласындағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысты.

Серіктес жаңалықтары