557
Қазақстандағы румын-молдован Ассоциациясының болашағы
Қазақстандағы румын-молдован Ассоциациясының болашағы
2002 жылы румын және молдован халқының өкілдері бірігіп, Қазақстандағы румын-молдован Ассоциациясын құрды. Бұл екі халықтың бірігуіне олардың тілінің, діні мен мәдениетінің, этникалық негізінің ортақтығы себепші болған-ды. Сонымен бірге, оларды осы мәдени құндылықтарды, салт-дәстүрін сақтау қажеттілігі біріктірді.
Ассоциацияның ашылу салтанатына орай Румыниядан өнер ұжымдары шақырылды. Ассоциация жұмысының алғашқы жемісі - балалар ұлттық би ансамблінің құрылуы болатын.
Қазақстандағы румын-молдован Ассоциациясы еліміздегі мәдени шаралардың барлығына дерлік белсене атсалысады. Сондай-ақ, Ассоциация шеңберінде дәстүрлі "Мэрцишор" көктем мерекесін, православтық Пасха мейрамын атап өтеді және Ассоциация мүшелерінің шығармашылығы туралы көрмелер ұйымдастырылып отырады. Ассоциацияның сұранысы бойынша Румыния үкіметі жоғары оқу орындарында жастарды оқытуға арналған гранттар бөлді. Бүгінгі күні екі бала Бухаресте білім алуда. Ассоциация қызметіндегі аса маңызды жетістігі – концлагерлерде қаза болған 900 румын әскери тұтқынының есімдерін анықтап, тізімін жасауы болды. Сонымен бірге, Ассоциацияның бастамасымен Қарағандыда олардың құрметіне арналған ескерткін орнатылды. Бұл ескерткішті 2003 жылы 9-қыркүйекте Румыния Президенті Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында ашқан еді.
Румындар мен молдовандар көп ұлтты Қазақстан халқымен етене араласып, тең құқықты жағдайда өмір сүріп жатыр. Олар ұлттық тұрғыда ешбір қысым көріп отырған жоқ және өз Отанын ерекше құрмет тұтады.
«Стругураш» атты молдован мәдени орталығы Алматыдағы молдован диаспорасын біріктіру мақсатында 2006 жылы 1 наурызда ашылды. Құрылғанына екі жарым жыл ғана өтсе де, Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын молдовандарды біріктіруші орталыққа айналып үлгерді. Мұнда молдаван диаспорасының өкілдері түрлі мәселелер бойынша кеңес алуға, мәдени-рухани көмек алуға деген өтініштерімен келіп жатады.
2005 жылы 27 тамызда мәдени орталық Молдованың тәуелсіздігі күнін атап өтсе, сол жылы қыркүйекте Алматыдағы қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл шарада мәдени орталық өкілдері аға буын өкілдерімен сұхбаттасып, оларға концерттік бағдарлама мен сыйлықтарын ұсынды. 2005 жылы қарашада молдован мәдени орталығының жетекшілері “Лучшие программы Содружества” атты І халықаралық телебайқауының журналистерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, орталық Рождество мейрамын атап өтіп, әйгілі молдован ақыны Ион Крянгэні еске алу кешін ұйымдастырды. Мәдени орталық тарапынан Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсетіліп отырады.