Бес күндік оқу аптасы енгізіле ме?

Бес күндік оқу аптасы енгізіле ме?

Бес күндік оқу аптасы енгізіле ме?
ашық дереккөзі
317

Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы енгізілу жоспарлануда. Бұл туралы орталық коммунациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева айтты. «Қазіргі уақытта бірінші сынып оқушылары үшін пәндерді қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оларды бес күндік оқу аптасына ауыстыру жөнінде жұмыстар жүру үстінде», – деді Жаңыл Жонтаева. Бес күндік оқу аптасын енгізу үшін 30 мектепте сынақ өткізілмек. Содан кейін 2015-2016 жылдары бес күндік оқу апталығы енгізіледі. Бұл стандарттың еліміздегі барлық мектептерге енгізілу-енгізілмеуі жоғарыда айтылған сынақтан кейін ғана анықталады. Естеріңізде болса, мұндай ұсынысты өткен жылдың күзінде Мәжіліс депутаттары ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары