377
Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі
Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі
Нұр-Сұлтанда қыркүйектің 7-8 күндері өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Алматы облысының шаруалары 330,9 тонна өнім әкеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қыркүйектің 7-8 күндері аралығында бекітілген жоспарға сәйкес, Алматы және Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Аталған жәрмеңкеге жетісу өңірінің 17 аудан, 3 қала және «Жетісу» ӘКК» Акционерлік Қоғамы қатысады.
Астана тұрғындарына жалпы құны 163 млн. теңгеден асатын көлемі 330,9 тонна 48-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері ұсынылады. Оның ішінде жылқы еті – 8,8 тонна, сиыр еті - 14,6 тонна, қой еті - 9,0 тонна, құс еті – 0,4 тонна, балық өнімдері – 15,7 тонна, көкөніс – 105,1 тонна, алма, жеміс-жидек – 32,2 тонна, картоп – 39,1 тонна, сүт өнімдері – 14,5 тонна, шұбат пен қымыз - 2,9 тонна, күріш - 16,2 тонна, ұн - 5,8 тонна, қант – 7,0 тонна, бал – 0,5 тонна, жұмыртқа - 16,3 мың дана, бакалея өнімдері - 2,4 тонна және басқа өнім түрлері – 88,5 тонна.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауарлар бағалары елордадағы бөлшек сауда бағаларынан 15-20 пайызға төмен болады. Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады. Келушілер үшін Алматы облысының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынады.