384
Малахов Димаштан кешірім сұрады
Малахов Димаштан кешірім сұрады
Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады.
Бағдарлама жүргізушісі қазақстандық әншіні "жаңа секс-символ өкілі" деп айтқаны үшін кешірім сұраған.
"Менің Instagram парақшам "жарылып кетті". Маған "Қалай сіз оны олай атадыңыз, ол - ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде, Ресейде солай..." деді. Сені (солай айтқаныма) кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші.
Бағдарлама барысында Димаш Қазақстанда Славян базары байқауының арқасында, ал әлемдік деңгейде I'm singer жобасының арқасында танымалдығы артқанын айтқан.
Жеке өмірі туралы сұраққа жауап бермейтінін мәлімдеген.