832
Бас қалада Astana Media Week басталды
Бас қалада Astana Media Week басталды
Елордадағы «Қазмедиа» орталығында Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға — Astana Media Week басталды.
Аталған шара үш күнге созылады деп жоспарланған. Бірінші күні сериалдық өнімдерді әзірлеу және шығару тақырыбымен және салық преференциялары, кино прокатының шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі және оның демеушілер үшін тартымдылығы тақырыбы сөз болады.
Еліміздегі кино қызметін талқылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаевтың кіріспе сөзінен басталады.
Халықаралық спикерлер қатарында Star Media кинокомпаниясының вице-президенті Никита Тринкин, белгілі қытайлық продюсер У Цзян, поляк режиссері және продюсер Дариуш Яблонски және Үндістаннан келген NFDC Халықаралық тарату және маркетинг бөлімінің бастығы Дипли Чаула бар.
Қазақстан атынан «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, режиссер және продюсер Рашид Сүлейменов, фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Еуразия теледидар және радио академиясының академигі Алия Увальжанова қатысады.
12 қыркүйекте AMW аясында Қазақстандағы алғашқы - «ADTribune - Азияның жарнамалық дауысы» атты жарнамалық конференциясы өтеді, онда олар саладағы мәселелер, қиындықтар мен трендтер туралы ашық сөйлесуге уәде береді.
Медиа жиынның соңғы күні медиа мазмұндағы трендтерге - интерактивті үдеу, видео-мазмұн эволюциясы, бейімделуі, монетизация тақырыбына арналады. Олар: медианы тұтынудың жаңа үлгілері өнімнің мазмұнын қалай өзгертетіні туралы, сандық медиа мониторингі мен сараптамасы туралы, «қазақша сөйлейтін Youtube» туралы.
Айта кетейік, Astana Media Week-тің басты мақсаты - отандық медиа секторды дамыту және саладағы іскерлік қатынастарды аймақтық деңгейде ілгерілету. 2018 жылы AMW бағдарламасына қатысу үшін екі мыңнан астам қонақ жиналды. Медиа индустриясының 60 отандық және шетелдік топ-менеджерлері және 50-ден астам өндірістік компаниялар ұсынылды.