420
Қазақстанда латын графикасында жалпыхалықтық диктант өтеді
Қазақстанда латын графикасында жалпыхалықтық диктант өтеді
10 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде латын графикасы негізінде жалпықазақстандық диктант өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәлім етті.
Диктант барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталады. Елордада акция ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) өтеді.
«2019 jyl – Jastar jyly» аталатын шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту.
«Оған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттер қатысады», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінен.