«Жібек Жолы – диалог жолы» туризмді дамыту жөніндегі халықаралық экспедиция аяқталды

Бүгін Қазақстан елордасында «Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясының аяқталуына орай «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Жібек Жолы – диалог жолы» туризмді дамыту жөніндегі халықаралық экспедиция аяқталды
ашық дереккөзі
953

Жиында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Т. Дүйсенғалиев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов, экспедиция қатысушылары: саяхатшы және «Nomad 4X4» компаниясының негізін қалаушы Қ. Сағнаев, «Хабар 24» телеарнасындағы «Дархан дала» авторлық жобасының жүргізушісі Ж. Рахмет, QazaqGeography ақпараттық жарықтандыру жөніндегі бас менеджері А. Жұматаева сөз сөйледі.

Экспедиция құрамы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын он үш күндік экспедицияда болды. Қатысушылар құрамы білікті журналист, фотограф, телеарналар түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлардан тұрды. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылды. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалды. Бұл ақпарат көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және отандық туроператорларға берілетін болады.

Аталмыш экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да алға қойылған міндеттерді орындауға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары