Жүз күннің жүгі

Жүз күннің жүгі

Жүз күннің жүгі
ашық дереккөзі
366
9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында халық сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ел тізгінін қолына алғанына 100 күн болды.  Еліміздің басқарушы лауазымдарында үлкен еңбек өтілі бар, еліміздің сыртқы саясатын қалыптастыру кезінде Сыртқы істер министрі, Вице-премьер, министр және Премьер-министр, Сенат төрағасы қызметтерін өз биігінде атқарған Қасым-Жомарт Кемелұлын көпшілік адал әрі жауапкершілігі мол тұлға ретінде бағалайды. Демек, еліміздің саясаты мен экономикасы көз алдында сатылап өс­кеніне куә болған Президенттің кез келген жауапты міндетті тиянақты атқарып, өз ісін тыңғылықты білетіні осыдан аңғарылса керек. Мемлекет басшысы бұған дейінгі қызметінде де халықтан қашық болған емес. Өзінің Twitter-дегі парақшасында кез келген мәселеге қатысты пікірін білдіріп, сол іске жауапты саланың  бақылауға алуын қадағалап отыратыны бұрыннан бар. Президент болса да, бұл байланысты үзген жоқ. Өзі айтқандай, әлеуметтік желі мемлекеттік қызметкерлерді халық­пен жақын ететіні анық. Арыс қаласында жарылыс болған кезде жергілікті жұрттың арасынан табылуы да көптің көңіліне демеу болған. Сондай-ақ, Президент атаулы әлеу­мет­тік көмек мәселесін қайта қарап, 1 сәуірден бас­тап көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді және көп балалы отбасылар, мүгедек баласы барлар, асыраушысынан айырылғандар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалары бар отбасының банктен алған несиесі кешірілді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел тіз­гі­нін қолына алғалы бері бір­қатар маңызды кездесулер өткізіп, түрлі басқосуларға қатысты. Былай қарағанда, жүз күн Прези­дент­тің атқарған жұмысына баға беретін көп уақыт емес. Алайда, үш ай ішінде недәуір іс-қимылға жұмыларлық жоспар түзілді. Елдің экономикалық-саяси бағыты ай­қын. Ендігіде Үкімет, министрлер мен әкім­дер тек қана жұмыс істеп, нәтижесін халық алдында көрсетуі тиіс. Олар да Президент сияқты халыққа берген уәде­ле­рін міндетті түрде орындауға бар күш-жігерін жұмсауы керек. Біз төменде Президенттің 100 күніне хроникалық шолу жасадық. 12 маусым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті. 12 маусым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді. 13 маусым Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков және Ауғанстан Ислам Республикасының Пре­зи­денті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кез­десті. 14 маусым Қазақстан Президенті Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымына мүше мемлекеттер бас­шылары кеңесінің отырысына қа­тысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Рес­публикасының Президенті Эмомали Рах­монмен кездесті. 15 маусым  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. 15 маусым  Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысты. 19 маусым Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашы­луы­на қатысты. 21 маусым  «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – «Ке­мең­герліктің 30 жылы» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­цияға қатысты. 24 маусым  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеу­меттік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті. 25 маусым Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қала­сын­дағы эвакуациялық пунктке барды. 26 маусым  Мемлекет басшысы бұқаралық ақ­парат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды. 4 шілде Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік ин­вес­торлар кеңесінің 32-пленарлық оты­ры­сына қатысты. 6 шілде Мемлекет басшысы жаңа «Jekpe-Jek» сарайына барды. 7 шілде  Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық дом­быра күніне арналған концертке бар­ды. 15 шілде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. 15 шілде Қазақстан Президенті әкімдермен ке­ңес өткізді.  7 тамыз Мем­лекет басшысы ҚР Президентінің хоккейден 10-шы мерейтойлық кубо­гы­ның ашылу сал­та­на­тына қатысты. 13 тамыз  Мемлекет басшысы экономикалық мә­селелер бойынша кеңес өткізді. 16 тамыз  Мемлекет басшысы Тамыз конфе­рен­циясына қатысты. 21 тамыз  Мемлекет басшысы Орталық Азия мем­­л­екеттерінің сыртқы істер ми­нис­тр­лерімен кездесті. 23 тамыз  Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өткізді. 24 тамыз Мемлекет басшысы «Ұлытау 2019» ха­лық­аралық туристік форумының жұ­мысына қатысты. 27 тамыз Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік жос­­парлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 29 тамыз Қазақстан Президенті «Ядролық қа­русыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсыру рәсі­міне қатысты. 2 қыркүйек   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­­­­қаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 3 қыркүйек  Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабыл­дады. 4 қыркүйек Мемлекет басшысы Азия қалам­гер­лерінің І форумына қатысты. 5 қыркүйек  Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. 5 қыркүйек Мемлекет басшысы Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. 6 қыркүйек  Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының жұмысына қатысты. 6 қыркүйек  Қазақстан Президенті Арыс қала­сын­да болған төтенше жағдай кезінде ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттады. 11 қыркүйек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на жасаған сапар барысында ҚХР  Төрағасы Си Цзиньпинмен келіс­сөз­дер жүргізді.  17 қыркүйек Мемлекет басшысы ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Серіктес жаңалықтары