321
Министр шығыста жүр
Министр шығыста жүр
Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Семейге сапары барысында Қарауыл, Кеңгірбай би ауылдарына, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне соғып, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру, инфрақұрылымды реттеу және қайта жобалау жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.
Ауыл ақсақалдарымен, ұлы ақынның ұрпақтарымен кездесуде Абайдың 175 жылдығын атап өту жөнінде әңгіме болды.
«Ұлы ақынның мерейтойын атап өткенде біз ең алдымен, бір күндік шаралардан жүйелі, мазмұнды және ұзақ мерзімді жобаларға басымдық беріп, идеологиялық міндеттерді жүзеге асыруға назар аудармақпыз», - деді министр.
Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді.