"Томирис" фильміне қанша қаржы жұмсалды?

"Томирис" фильміне қанша қаржы жұмсалды?

"Томирис" фильміне қанша қаржы жұмсалды?
ашық дереккөзі
599

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың жетекшілігімен түсірілген «Томирис» фильміне қанша қаражат жұмсалды? Бұл сауалға ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов жауап берді. 

«Аталған фильмнің түсіріліміне 10 млн доллардан аз ақша жұмсалды. «Қазақ хандығы телехикаясы мен басқа да туындылардың бюджеті дәл осындай. Көшпенділер – «Қазақфильм» бюджетінде ең қымбат болды. Оған шетелден актерлер тартылған болатын. Шетелден өз ісінің маманын шақыру – кино бюджетіне қатты әсер етеді. «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы: Алтын тақ» фильмін шығарған кезде бізге «Шыңғысханның» 38 сериалын түсірген Батыр атты режиссерді шақырдық. Ол кеңесші ретінде жұмыс істегеннен кейін бұл фильмнің жарыққа шығуына 50-100 млн доллар керегін айтты. Алайда оның қалауы біздің «оң жамбасқа келмей», қош айтысып, «Қазақ хандығын» 10 млн долларға түсірдік. Ал «Томириске» шамамен 3 млрд теңге жұмсалды», - деді «Қазақфильм» АҚ президенті. Өз кезегінде Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов фильм бюджетін нақтылай түсіп, 2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары