317
Жолдау әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді
Жолдау әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауы негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуге және мемлекеттің жаңашылдыққа бет бұруына арналғандай. Сол сияқты ішкі саясат бойынша жүргізілген реформалар, білім сапасын жақсарту түйткілдері айтылған. Әсіресе, алдағы төрт жылда мұғалімдер жалақысын көтеру, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды ескеріп, үш жыл ішінде 58 млрд теңге бөлу қарастырылатыны қуантты.
Аймақ бойынша бюджет көлемі артып, жергілікті тұрғындардың шенеуніктер жұмысын қадағалау тетігі құрылатыны құптарлық әрекет. Бұл арқылы демократиялық құндылыққа көңіл бөлінетіні сөзсіз. Бұдан өзге таза ауыз су, газ жүргізу, жол салу сияқты инфрақұрылым жобалары Қазақстанда модернизация жұмысының жандануына септігін тигізеді. Ел халқы міндетті медициналық сақтандыруды пайдаланудың нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін шығынның молаюына, сапалы медициналық қызмет алуына мүмкіндік туғызады.
Ник Филдинг,
британдық журналист, жазушы, саяхатшы