«Медиацияны дамыту жолдары»

«Медиацияны дамыту жолдары»

«Медиацияны дамыту жолдары»
ашық дереккөзі
1308
Алматы қаласы Алатау аудандық соты мемлекеттік емес ұйымдармен  кездесу іс-шарасы негізінде «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, медиация тәртібінде татуластыру рәсімін өткізудегі жаңашылдықтармен бөлісу үшін «Медиацияны дамыту жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына Алматы қаласы Алатау аудандық сотының төрағасы ДТілеубаев, соттың татуластырушы судьясы Д.Айкулов, аудандық соттың мамандары және «Медиация дамыту орталығының» кәсіби медиаторы Н.Мықтыбаева және «Халықаралық құқық қорғау орталығының» кәсіби медиаторы Қ.Бабанов қатысты. Іс-шара барысында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Қ.Бабанов: «Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде  процесте тараптарды бітімгершілікке келуге ықпал етуге басымдық беріліп, соттардың тараптарды татуластыру үшін барлық шараларды қолдануға, процестің барлық сатысында дауларды реттеуге ықпал ету міндеттері қарастырылғанын айтып, келіспеушіліктерді реттеудегі медиаторлардың тәсілдерін жан-жақты түсіндірді. Қоғамдық сананың ойы ешқашан бір жерден шыққан емес, ендігі біздің басты мақсат, аталған тақырыптағы медиаторларға деген қоғамдық көзқарасты, ойды, түптеп келгенде сананы жаңғырту арқылы, медиатордың өзге органдардан ерекшелігін, тараптардың таңдау мүмкіншілігі бар екендігін, бұрынғы алқа билердің бүгінгі жалғасы ретінде қоғам санасының жаңғыруына ықпал жасап, медиацияның нағыз мәміле алаңына айналдыруға барымызды саламыз - деді. Семинар барысында сөз алған Алатау аудандық сотының татуластырушы судьясы Д.Айкулов медиация  рәсімімен біршама тарапты татуластырғанын айтып, сот жұмысында  медиация рәсімін өткізудің тиімділіктерін тілге тиек етті. Ал, аудандық соттың төрағасы Д.Тілеубаев, өз тарапынан тек сотта ғана емес, сотқа дейінгі бейбіт келісімге келу рәсімін  күшейту әлдеқайда тиімді болар еді деп, осы аталғандар барысында жұмыс жасауды ұсынды. Семинар соңында кәсіби медиаторлар кездесу ұйымдастырып, семинарда түрлі мәселелер бойынша өзара пікір алмасуда айрықша атсалысқандарға ризашылығын білдірді.  

Серіктес жаңалықтары