439
Өмірзақ Шөкеев көмек сұрап келген тұрғындармен кездесті
Өмірзақ Шөкеев көмек сұрап келген тұрғындармен кездесті
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «NUR OTAN» партиясына көмек сұрап келген тұрғындармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Елорданың 600-ге жуық тұрғыны ашық есік күніне қатысты Партияның облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдауында аймақ басшысы азаматтардың мәселелеріне байланысты қолдау білдіретіндігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңір басшысының қабылдауына келген көпбалалы ана Ұлжан Тойлыбаева атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесін көтерді.
Сондай-ақ баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, партия филиалы төрағасынан көмек сұрады. Ал, қарапайым мұғалім М. Исрайлова ұлттық бағытта білім беретін қыздар мектебін ашуды армандайтынын жеткізді. Батыр ана өз мақсатын жүзеге асыру жолында ғимарат сұрап, әкімдік тарапынан қолдау болса жеген тілегін айтып өтті. Қабылдауда сондай-ақ, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Б. Жандосова республикалық «Өнеге» жобасының жұмысын жандандырып, Түркістаннан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға арналған дағдарыс орталығын ашсақ деген идеясымен бөлісті. Азаматтардың айтқан ұсыныс тілектерін тыңдаған Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік маңызы зор бастамаларға қолдан келгенше көмек беруге уәде етті. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесіне барлық мемлекеттік орган жетекшілері, облыс әкімі, басқарма басшылары ай сайын келіп, тұрғындармен қабылдау өткізіп тұрады.