Болашақ педагогтар шығармашылық емтихан тапсыратын болды

Болашақ педагогтар шығармашылық емтихан тапсыратын болды

Болашақ педагогтар шығармашылық емтихан тапсыратын болды
ашық дереккөзі
495

Келер жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуға ниетті талапкерлер шығармашылық емтихан тапсыруға міндеттелмек. Бұл турады Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов мәлімдеді. "Педагогикалық мамандықтар бойынша сапалы қабылдау жүргізу мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқуға түсу бойынша емтихандар тәртібі өзгереді және шығармашылық емтихан енгізіледі. Қазіргі таңда министрлік жұмыс тобын құрап жатыр", – деді Рахымжанов. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Аршабековтың айтуынша, үміткерлерді іріктеу кезінде, ең әуелі, балалармен жұмыс істеу қабілетіне назар аударылуы тиіс. "Талапкердің ұстаз атануға бойынша барлық қажетті қабілеті болуы тиіс, ол еркін сөйлей алуы керек және физиологиялық түр келбетіде мықты болғаны жөн. Біз оның бірыңғай шығармашылық емтихан болсын деп ұсынып отырмыз. Біз арнайы комиссияның болғанын қалаймыз, бірақ университтерден емес. Себебі бүгінде еліміздегі 70 ЖОО мұғалімдерді дайындайды", – дейді ректор. Бұған дейін тек спор немесе өнер саласының маманы болғысы келетіндер, сондай-ақ, журналистика факультетіне түсуге ниетті талапкерлер шығармашылық емтихан тапсырса, келер жылдан бастап оқуға түсу тәртібі өзгермек. Оқу жылы аяқталғанша ҰБТ сынағы мен ЖОО-ға қабылдау шарттарына тағы бірқатар өзгерістер енуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары