Алматы жұртшылығы Нұрмахан Оразбекпен қоштасты

Алматы жұртшылығы Нұрмахан Оразбекпен қоштасты

Алматы жұртшылығы Нұрмахан Оразбекпен қоштасты
ашық дереккөзі
222

Бүгін Алматыда жұртшылығы белгілі журналист, жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрмахан Оразбекпен қоштасты. Жазушылар одағында өткен қаралы жиынға Нұрмахан Оразбектің отбасы мүшелері, туған-туыстары, достары мен әріптестері, ізбасарлары, Қазақстан Журналистер одағы мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және басқа да зиялы қауым өкілдері келіп, марқұмды ақтық сапарға шығарып салды. 79 жасқа қараған ша­ғында көрнекті журналист, атақты аудармашы, білікті баспагер1937 жылғы 1 жел­тоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Қандөз елді мекенінде туған. 1955 жылы Шорнақ ауылындағы орта мектепті бітірген соң, өндіріс орындарында жұмыс істеуге үндеген комсомолдық жолдамамен Қостанай өңіріне аттанып, сонда­ғы Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында еңбек еткен. Осыдан кейін КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1962 жылы бітірген соң, жас маман ретінде Қарағанды облысының Жезді аудандық «Октябрь туы» газетіне жіберілді. 1964-1973 жыл­ы Алматыға қайта оралып, респуб­ликалық «Лениншіл жас» газе­тіне қызметке алынды. Осыдан кейін Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінде, Қазақстан Компартиясы Орта­лық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында жұмыс істеп, «Социалистік Қазақстан» газетінде еңбек етті. 1974 жылы Қазақ ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) ­бас редактор, 1982 жылы директордың орынбасары болып тағайындалды. 1988-1994 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, тәуелсіз Қазақстанның жаңадан құрылған Баспасөз министрлігіндегі басқарма бастығы, ағылшын тілінде шыққан «Қазақстан» газетінің бас редакторы болып, 1995 жылдан бері қоғамдық-саяси әдебиеттер шығаратын «Қазақстан» баспасының директоры қызметін атқарды. Қазақ журналистерінің бірнеше буынының ұстазы атанған Н.Оразбектің қаламынан туған «Қасиеттісің, сен Отан!», «Капи­тал қамалындағы 18 күн», «Қа­ғажу көрген өмірден», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты кітаптар – кейінгі ұрпаққа рухани мұра.

Серіктес жаңалықтары