377
Артур Платонов: Қазақстанда «қос билік» ұғымы жоқ
Артур Платонов: Қазақстанда «қос билік» ұғымы жоқ
Мәжіліс депутаты Артур Платонов «биліктің ауысуы кез-келген мемлекет үшін маңызды сәт» деп пікір білдірді. «Қазір әлемде түсініксіз және қиын жағдайлар жиі орын алуда. Тіпті оның салдарынан қоғамдағы жазықсыз адамдар жапа шегуде. Түсініспеушілік себебінен жерінен, тәуелсіздігінен айырылып қалғандар бар.
Сондықтан да біздің елде биліктің ауысуындағы тыныштық пен сабырлықты өзге елдер үлгі етуіне болады. Кез келген мемлекет үшін жауапты және тарихи осы сәтте тиісті саясатты жүргізу маңызды. Мемлекеттегі бірлік пен ынтымақ, сондай-ақ ел халқының мүддесі үшін тәуелсіз саясаттың жүргізілуі кейбіреулеріне ұнамауы мүмкін», – деп Артур Платонов пікір білдірді. Депутат онан өзге «Қос билік» деп қоғамда талқыланған жайға қарсы түсінік берді. «Қос билік деген не? Бұл жағдай бір адам елді бір жаққа, ал екіншісі басқа жаққа тартқан кезде орын алады. Егер де Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды ұранын еске алсақ, онда бірінші пункт сабақтастыққа қатысты. Біз саясатта барлық стратегиялық әрі әлеуметтік бағдарламаларда жүйелі мүлтіксіз бағытты көріп тұрмыз. Яғни, сыртқы және ішкі саясатқа, адамдар әл-ауқатының ары қарай өсіміне қатысты көзқараста толықтай ынтымақ пен бірлік қалыптасқан. Бұл өз кезегінде саясаттың негізі», – деді А.Платонов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.