«Жас өркен» мен «Қазақ газеттері» ЖШС бірігіп, бас директоры тағайындалды

«Жас өркен» мен «Қазақ газеттері» ЖШС бірігіп, бас директоры тағайындалды

«Жас өркен» мен «Қазақ газеттері» ЖШС бірігіп, бас директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
449
Құрамына «Жас өркен» ЖШС біріктіру арқылы қайта құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры болып Шамшидин Паттеев тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев facebook парақшасында хабарлады. «Бүгін қазақтілді басылымдар үшін маңызды бірқатар тағайындаулар жасадым. Алдымен, құрамына «Жас өркен» ЖШС біріктіру арқылы қайта құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры етіп Шәмшидин Паттеевті қайта тағайындадым. Шамшидин Әшенқожаұлы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, баспасөз саласында елімізге белгілі кәсіби менеджер.Серіктестік баспасөз саласын, оның ішінде, балалар баспасөзін дамытуда үлкен еңбек атқарып келеді», - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев facebook парақшасында. Сондай-ақ, министр алдағы уақытта да жасалған құрылымдық өзгерістер нәтижесінде оқырмандарын тың дүниемен, қызықты, тартымды ақпараттармен сусындата беретініне сенетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары