Шетелдік 7 көше Қазақстан Президентінің есімімен аталады

Шетелдік 7 көше Қазақстан Президентінің есімімен аталады

Шетелдік 7 көше Қазақстан Президентінің есімімен аталады
ашық дереккөзі
269

Түркияда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын төрт көше бар. Олар түрік елінің қоныстанушылары көп, туристер жиі келетін ірі қалаларында орналасқан. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Елбасымыздың атындағы алғашқы көше – Невшехир, екіншісі – Кыршехир қаласында орналасқан. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай көркемдігімен әйгілі Түркияның туристік Кападокия аймағында орналасқан Невшехир қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл ашылды. Ал Кыршехир қаласындағы көше Н.Назарбаевтың Түркияға сапары қарсаңында – 2012 жылы қазан айында ашылды. 2013 жылы Гебзе қаласындағы көше Елбасы Қазақстан Президентінің есімін иеленсе, 2015 жылы Түркияның Адана қаласындағы орталық даңғылдардың біріне Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді.

Бауырлас елдің Қазақстан Президентіне деген мұндай құрметі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ-түрік қатынастарының, түркі әлемінің нығаюы мен дамуына сіңірген ерен еңбегіне ризашылығының белгісі болса керек. Қазақстан мен Түркия арасында сауда-экономикалық, мәдени, білім салаларында бауырластық қатынастар ежелден дамыған. Бүгінгі таңда екі елдің 15 қаласы мен облысы арасында бауырластық қатынас орнаған.

Мұнымен қоса, Елбасымыздың атымен аталатын көшелер Шешен Республикасында, Иордания мен Татарстанда да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған тұңғыш көше 2007 жылы Шешен Республикасының Грозный қаласында пайда болған. 2010 жылы Иордания астанасы Амманда Назарбаев атындағы даңғыл ашылды. Ал биыл Татарстан астанасы – Қазан қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев көшесі» ашылды.

Серіктес жаңалықтары