Шетелдегі қазақтар атажұртын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шетелдегі қазақтар атажұртын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шетелдегі қазақтар атажұртын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
613
Шет елдердегі қандастардың Тәуелсіздікке арнаған тілегі! Ұлт үшін ұлық мерекелердің бірі – 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күні елімізде ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Жер шарында аталып өтіледі. Бұл күні шекара сыртындағы қаны қазақ барлық бауыр Атажұртқа деген ыстық лебізі мен жүрекжарды тілегін аямай төгеді. Қазақ еліне деген құттықтауларын бірнеше қандас «Түркістан» газеті арқылы жеткізген еді. Kesici Абдулқайым Кесіжі, Еуропа қазақтары қоғамдары федерациясының төрағасы, Мюнхен, Германия: – Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдығы құтты болсын! Ата-бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, асқақ мұраты – Қазақстанның егемендігі баянды болып, ұлтымыздың мәртебесі арта берсін! Мемлкеттік өмірде «қас-қағымдай-ақ» қысқа мерзім саналатын 24 жылдың ішінде Қазақстанның атақ-даңқы әлемге артып, халықаралық деңгейде абыройы асқан елдердің біріне айналды. Тіпті, ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам конференциясы сияқты әлемдік деңгейдегі ұйымдарға басшылық етті. Бұған қоса, Қазақстан Тәуелсіз мемелкет ретінде экономикалық-саяси даму жолына түсіп, үлкен белестерді бағындырды. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан орын алуды мақсат етті. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Президент Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан қарқынды түрде дами беретіндігіне және алға қойған мақсаттарына жете беретініне сеніміміз мол. Шеттегі қазақтың елдегі қазаққа айтатын тілегі: қазақтың басындағы бақ – тәуелсіздікті сақтап қалу. Жер бетіндегі бүкіл қазақтың амандығы. Қазақстан іргелі ел болып, халықаралық деңгейде аса жоғары сатыға көтерілген атақ-абыройы асқақтай түсіп, тәуелсіздігіміздің символы – Көк байрағымыз көкте мәңгі желбірей берсін! Жасасын Тәуелсіз Қазақстан! Абдулсамет АлтайАбдулсамет Алтай, Париж, Франция: – Мен ұзақ жылдар бойы Германиядан хабар таратқан «Азаттық» радиосын тыңдадым. 1991 жылдың қазанында радионы Әуелбек деген досым екеуміз тыңдап отырған едік. Жүргізуші: «Алматыдағы мемлекеттік алаңнан тікелей байланыстамыз. Микрофонда – Батырхан Дәрімбетұлы», – деді. Ал Батырхан Дәрімбетұлы Қазақстан Президенті Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялағанын айтты. Бұл сүйінші хабарды естігенде қалай қуанғанымызды сөзбен айтып жеткізу қиын. Іле-шала Мюнхендегі «Азаттық» радиосына хабарласып, тәуелсіздігімізбен құттықтадық. Кейін білдік, Еуропаның бірнеше қаласы, Түркия мен Америкадан барлығы радио арқылы Қазақстанның егемен ел ретінде танылғанына қуанып, құтты болсын айтыпты. Аллаға шүкір, биыл Қазақстан егемендігінің 24-жылдығын атап өтуде. Әлемге танылған мемлекетке айналды. Бұйыртса, жақын арада дамыған елдер тізімінен көрінеді. Алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Елбасымыздың денсаулығы мықты болсын! Қазақстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын, көк байрағымыз көкте желбіресін! Дилек Ташдемир-Калкан, Амстердам, Голландия: – Атажұртым – Қазақстанымды 24-рет тойлағалы отырған Тәуелсіздік күнімен шын жан-жүрегіммен құттықтаймын! Алдағы егемендік тойларының бәрімізге жемісті де жетістікті болуын тілеймін! Президентіміз құрметті Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, бұл мемлекет күні кеше құрылған жоқ. Ғұндар заманынан бері қазаққа тиесілі топырақ. Алла Тағала бізді Отансыз, байрақсыз, иесіз, киесіз қалдырмасын. Мен кіндік қаны Түркияда тамып, балалық шағы Амстердамда өткен қазақ қызымын. Қазір ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлетін бір Ана ретінде үшінші Отаным – Голландияда өзім ешқашан көрмеген Атажұртым – Қазақстанымның тілеуін тілеп, іштей қатты аңсаймын, сағынманы, жақсы көрем әрі қазақ болғанымды мақтан тұтамын. Кішкентай кезімде ұстаздарымнан үйренген бірнеше қазақ әнін және «Қаражорға» биін өзімнің екі қызыма да үйреттім. Күйеуім екеуміз 10 және 5 жастағы екі қызымызға қолымыздан келгенше қазақы тәрбие беруге, ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіруге тырысып келеміз. Айналамыздағы голландиялық, шетелдік достарымызға қазақтың қандай ұлт екенін ұлықтауды перзенттік парызымыз деп білеміз. Балаларымыз өздерінің қаны қазақ екенін мақтан тұтады. Әлбетте, бұл жеткіліксіз. Біз шетте жүрсек те, Ана тілімізде жатық әрі еркін сөйлеуді, фольклорлық мқраларымызды кәсіби деңгейде жетік меңгеруді армандаймыз. Осылайша, келешек ұрпақтарымызға ұлттық құндылықтарымызды мұра ретінде қалдырар едік. Осы орайда, әлемге егемен ел ретінде танылғалы 24 жыл өткен Қазақстанымды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Атажұртымыз өсіп-өркендей берсін. Абырой-атағы шарықтасын, көк туымыз көк аспанда қалықтасын! Ұлық мерекең құтты болсын, қазағым!

                                               Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

 

Серіктес жаңалықтары