542
Ауылшаруашылығы экспорты ұлғайды
Ауылшаруашылығы экспорты ұлғайды
Түркістан өңірінде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының республикадағы үлесі 3-орында тұр. Бүгінде мұнда 70 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істесе, 18 мақта өңдеу зауыты бар Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын 300 мыңнан астам халық шаруашылығымен айналысады.
2019 жылдың 9 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 157,3 млн АҚШ долларын құраған. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Иран, және Бахрейн елдеріне ірі қара және уақ мал еттері экспортталған. Сонымен қатар, Ресей, Белоруссияға 304,3 мың тонна қарбыз бен қауын жеткізілген. Сондай-ақ, мақта талшығының экспорты жыл сайын артуда. Биыл 264,0 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау күтілуде.
Соңғы көрсеткіштер бойынша өңірдегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемі, ірі қара мен ұсақ мал басының үлесі секілді даму индикаторлары артқан. Бұл бағытта Түркістан облысы ауыл шаруашылығы негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі жағынан да республика бойынша алғашқы орында.