Селфи үшін "жан пида"

Селфи үшін "жан пида"

Селфи үшін "жан пида"
ашық дереккөзі
280

Түркияда жол үстіне жатып селфиге түспек болған 2 жігіт қаза тапты, деп хабарлайды sozcu.com-ға сілтеме жасаған nur.kz Оқиға кеше сағат 21:00 шамасында Антальяның әуежайға апаратын жолдың үстінде болған. Антальяға Аланиядан демалуға келген 5 жігіт қайтар жолда асфальт үстінде жатып, селфиге түспек болған. Жолда өтіп бара жатқан жүк көлігі жігіттерді көрмей, екеуін басып кеткен. Қалған үшеуі ажал аузынан әзер құтылған. Қайтыс болған жігіттердің бірі 17-де, екіншісінің жасы 19-да. Жүк көлігін басқарған 27 жастағы жүргізуші тез арада жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Екі жігіттің жансыз денелері Акдениз университеті Медицина факультетінің ауруханасына тиесілі мәйітханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, жастардың кең танымал әуестігі – селфидің кесірінен орын алған қайғылы оқиғалардың қатары күн өткен сайын жиілеуде. Ерекше суретке түсемін деп жанталасқан талай адам ажал құшты. Мәселен, 21 жастағы мексикалық Оскар Отеро Агилар суық қарумен (тапанша) селфи жасауы желідегі мәртебесін көтеруге себеп болады деген оймен досының оқтаулы тұрған тапаншасымен суретке түсу кезінде абайсызда шүріппесі басылып кетіп, оқиға орнында көз жұмған. Солтүстік Каролинаның тұрғыны Кортни Сэнфорд есімді 32 жастағы келіншек өзінің ажалын селфиден тапқан. Қаза табардан бұрын, машинасында ойнап тұрған әуеннің ырғағына елітіп, боянып, таранып отырған оның Фб-ғы соңғы жазбасы: «жақсы ән көңіл көтеруге жақсы». Кейін анықталғандай Кортни көлік апатынан қазақ тапқан. Колетт Морено АҚШ азаматы. 26 жастағы жас бойжеткен тойынан бір күн бұрын, құрбыларымен демалуға жолға шығады. Қуаныштан есін жия алмаған ару құрбыларымен бірге селфи жасап, көліктің тізгінін ұстап отырғанын естен шығарса керек. Осылайша жол апатынан қаза тапқан. Селфидің жиі пайдаланылатын орындарының бірі жуынатын бөлме (ванна). 17 жастағы бойжеткен өзінің жаңадан алған iPad құрылғысына селфи жасау кезінде мерт болған. Кейіннен белгілі болғандай, қуат көзінде тұрған құрылғы су тиіп зақымдалған екен. Ресейдің астанасында 19 жастағы екі жігіттің мәйіті метро тұрағынан табылған. Виктор және Иван есімді екі жігітті ақымақтық жасауға итермелеген, тағы да, осы селфидің дерті. Келе жатқан метроның үстінде тұрып секіріп көрмек болған екі жігіт, құлаған жерінде көз жұмған. Испаниялық азамат Андухар 21 жасында өзінің ажалын селфиден тапты. Поезд үстіде өзін суретке түсірмек болған жігіт айтпай келген өлімнің құрбаны болды. Санкт-Петербург қаласының 17 жастағы өрімдей қызы Ксения, түнгі поездің келе жатқан сәтін көпір үстінен тұрып түсіруге қызыққан. Қайғылы жағдай болған жерге келген сарапшылардың айтуынша, қыз көпірден 1500 вольттық тоқ көзінің үстіне құлаған.

Серіктес жаңалықтары