607
FlyArystan 6 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады
FlyArystan 6 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады
FlyArystan бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылап, 6 айдың ішінде ұшақ борттарын 94% жүктеп, рейстердің 93% уақытылы орындаған екен. Барлық тасымалданған жолаушылар саны 455 мыңнан асқаны туралы қуана хабарлайды.
2019 жылдың 1 мамырынан бастап отандық лоукостер 600 000 мыңнан астам билетті сатып үлгерді. Олардың ішінде желтоқсанның 13-нен бастап орындалатын Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Султан халықаралық бағыты билеттері де бар. Бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша 2500 рейс орындалғанын атап кеткен жөн.
«FlyArystan-ның минималды тарифтері 3 999 теңгеден (10 АҚШ доллары) басталады. Әрбір рейсте орташа есеппен 170 жолаушы сапар шегеді. Олардың 56% (95 жолаушы) ең арзан 4 брондау классының билеттерін сатып алды, 9% (15 жолаушы) ең қымбат классын брондаған екен. Ал қалғаны орташа деңгей билеттерін алыпты. FlyArystan нарықта пайда болуынан кейін көптеген адамдар басқа көлік түрлерінен әуекемеге ауысқандары әлдеқалай қуантады. Осының бәрі сатылған билеттердің 47% құраған 10 000 теңгеге (26 АҚШ доллары) дейінгі билеттердің арқасында пайда болған мүмкіндік», - деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
Жыл соңына дейін лоукостердің қарқынды түрде дамып келе жатқан бағдарлар кестесіндегі 10 ішкі бағытқа жаңадан 3 жаңа рейс қосылады. Осылайша әуетасымалдаушы парктегі төртінші ұшақ бортымен Нұр-Сұлтаннан Жуковскийге қатынай бастайды. Ал 2020 жылдың соңына дейін FlyArystan 10 реактивті Airbus A320 ұшағына дейін көбейіп, Қарағанды мен Ақтөбедегі жаңа базалардан рейстерді орындай бастайды. Бұл бағдарлар кестесін 40 бағытқа дейін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
FlyArystan-ның басшылығы Тим Джорданның ойынша 2020 жылы Қазақстан әлемдік ішкі тасымал нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеті болмақ. «2019 жылдың қазан айының нәтижесімен былтырғы жылдың дәл осы мезгілі нәтижесін салыстырғанда еліміздің әуежолаушылар саны 33% өскен. Өсімнің бірден-бір себебі FlyArystan лоукостерінің пайда болуымен тікелей байланысты. Бұл FlyArystan бюджеттік компаниясына, Эйр Астана компания тобы мен жалпы бүкіл қазақстандықтарға жағымды жаңалық болатыны сөзсіз Салыстырмалы түрде 2018 жылы әуетасымалы ең қарқынды дамыған, яғни жолаушылар саны 19% өскен ел - Үндістан.» - деп ойымен FlyArystan лоукостерінің бас өкілеті мәлім етті.
FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.
FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 3 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған. 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Аз уақыт бұрын лоукостер бекеттері Алматы, Қарағанды мен Ақтөбеде негіздейтіні туралы мәлім етті.
Суретті түсірген Амир Мухаметгалин